Жаңалықтар

1 желтоқсан 2015
Қазақстан Президенті «Тұлға. Елбасы. Тарих» деген тақырыппен өткен концертті көрді
«Қазақстан» орталық концерт залы

 

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, елдің алдыңғы қатарлы музыкалық және би ұжымдары қатысты.

Қазақ халық аспаптары оркестрі мен Астана мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымы орындаған туындылар мен хореографиялық қойылымдар және патриоттық рухтағы музыкалық нөмірлер арқылы қазақстандықтар қастер тұтатын негізгі құндылықтар – халық бірлігі, қоғамдық келісім, татулық пен тұрақтылық, салт-дәстүр, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы кеңінен көрініс тапты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар