Жаңалықтар

1 желтоқсан 2015
Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты
Астана қаласы

 

Мемлекет басшысы рәсім барысында қатысушылардың барлығын алдағы Жаңа жылмен және елдің бас шыршасы шырағының жағылуымен құттықтады.

Жаңа жыл – әсіресе өскелең ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен және ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыңыздың орындалуына тілектеспін. Біздің еліміздің мақсаты – Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сендердің ата-аналарың нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. Біз туған елді, оның астанасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осының бәрі – біздің Отанымыз, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі.

Мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланың белгілі  шығармашылық ұжымдары қатысты.

Рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар