Жаңалықтар

1 желтоқсан 2010
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің отырысын ашты.
IMG_5499

Саммит жұмысына ЕҚЫҰ-ға мүше және серіктес елдерден 73 ресми делегация, сондай-ақ ірі халықаралық және аймақтық ұйымдар – БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭС, ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б. қатысты.

Саммитке қатысушылар алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Саммитте сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті  Петрос Эфтимиу және ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо сөз сөйледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінің толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар